Украина аумағында жүріп жатқан соғыс қимылдарына қарамастан, статистика елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің артқанын көрсетеді. Кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бері 290 000-нан астам жеке тұлға-кәсіпкер өз кәсібін тоқтатты, бірақ шағын және орта бизнес дамып, тіпті қақтығыс басталғанға дейінгі көрсеткіштерден де асып түсуде.
Опендатабот порталының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың күз айындағы жағдай бойынша Украинада 2 052 326 ЖТК жұмыс істеп жатыр.
Маусым айында 31 477 жаңа ЖТК тіркелген — бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Орта есеппен әр ай сайын шамамен 25 000 жаңа кәсіпорын тіркеліп отыр.
2022 жылдың сәуір айынан бастап 2023 жылдың қыркүйек айына дейін жаңа ЖТК-ның ашылуы мен жабылуы арасындағы айырмашылық соғыс аймағындағы өңірлерде және ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан немесе жүрген жерлерде тіркелген. Мәселен:
Донецк облысы 8,2 мың кәсіпкерден айырылды;
Харьков облысы — 7,1 мың;
Херсон облысы — 4,5 мың;
Луганск облысы — 3,7 мың;
Запорожье облысы — 2 000-нан астам ЖТК.
Дегенмен кейбір өңірлерде ашылған кәсіпорындар саны жабылғандардан асып түседі. Мәселен, Киевте 12,9 мың ЖТК тркелді, ал Львов облысында 12,3 мың кәсіпкер. Кәсіпкерлік өсіп келе жатқан өңірлер арасында үздік үштікке Днепропетровск облысы енді, онда 8,6 мың ЖТК ашылды.
Бұл мәліметтер украиналық кәсіпкерлер батылдық танытып, күрделі жағдайларға бейімделіп, жаңа бизнес ашып қана қоймай, елдегі соғыс қимылдары аясында да дамып жатқанын көрсетеді.