Бағдат Мусин қазан-қараша айларында Астана мен Алматы тұрғындары үшін интернет сапасын жақсартуға уәде берді

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ел азаматтарын алдағы айларда интернет сапасы жақсатарынына сендірді. Бұл туралы ол парламенттің бірлескен отырысында мәлім етті.

Еліміздің интернет сапасын жақсарту жөніндегі жоспарлары туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Бағдат Мусин Қазақстан үкіметі жағдайды мұқият қадағалап, айтарлықтай өзгерістерді жоспарлап отырғанын атап өтті. «Интернет, әрине, жақсартуды талап етеді. Интернет сапасы үкіметтің ерекше бақылауында. Кеше мен байланыс операторларымен кеңес өткіздім. Жаңғырту жөніндегі негізгі жоспарларымыз қазан-қараша айларына бағытталған. Астана мен Алматы тұрғындары осы айларда айтарлықтай жақсаратынын сезінетініне сенімдімін», — деп атап өтті Мусин.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол осы жылдың соңына қарай елімізде 5G үшін мыңдаған базалық станциялар орнатылатынын атап өтті. Қазіргі таңда осындай 150-ге жуық станция орнатылған. «Мәселелр барын түсінеміз және оларды шешу бойынша жұмыс істеуді жалғастырамыз. Цифрландырудың барлық аспектілері IT-инфрақұрылымға байланысты және біз оны міндетті түрде жақсартамыз», — деп атап өтті Мусин.

 

Добавить комментарий