Қарағандыдағы жаппай улану: Балалардың беті бері қарап келеді

Қарағанды облысында жаппай уланған балалардың денсаулық жағдайын жақсарып келеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният жағдайды өз көзімен көріп, балаларға медициналық көмек көрсету барысымен танысу үшін Қарағандыға жұмыс сапармен барды.

31 тамызда Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада, Қарағанды облысының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы он төрт баланың бесеуі ем алуда. Оң динамикасы бар балалар, естері анық, ерте оңалту жүргізілуде.

Ажар Ғиният республикалық мамандар зардап шеккен балаларды емдеу процесін белсенді бақылап отырғанын және Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жағдайын және оларға медициналық көмек көрсетуді тұрақты қадағалап отырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, 30 шілде күні Қарағанды облысының Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленушілер жаппай уланған. Бастапқыда екі бала өзін жайсыз сезініп аурухана жатқызылған, содан кейін тағы 10 тәрбиеленуші уланды, одан кейін тағы екі бала ауруханаға жатқызылды. Балалардың жағдайы қатты алаңдаушылық тудырды.Бүгінде жағдай жақсарған балалар ауруханадан шығарылды. Қазіргі таңда уланудың себебін анықтау үшін жасалған сараптама нәтижесі әлі жарияланбады.

Добавить комментарий