Иммунолог-аллерголог дәрігер Владимир Болибок коронавирус пен «испан» пандемиясын не біріктіретінін айтты.
Дәрігердің айтуынша, 100 жыл бұрын болған испан тұмауының пандемиясы бойынша коронавирустың қазіргі пандемиясы қалай дамиды деп болжауға болады. Көп нәрсе бұрынғысынша ұжымдық иммунитетке байланысты.
«Испан тұмауы» пандемияның жүз жыл бұрын үш толқыны болды: көктемгі, содан кейін күзгі-қысқы, жаздан кейін тағы да күзгі-қысқы-көктемгі толқын. Ең ауыр жағдай күзде-қыста болатын екінші толқын болды. Қазір ештеңе өзгерген жоқ: инфекцияның басында ұжымдық иммунитет нөлге тең болды, сондықтан толқын қалай керек болса, солай жүрді», — деді Болибок.
Бұл ретте, егер қатаң шектеу шараларын қолданылса, індет екі аптада аяқталуы мүмкін, деп атап өтті дәрігер.
«Кез келген эпидемиология оқулығында: егер сіз ауру жұқтырғандарды бөліп, қатаң карантин отырғызатын болсаңыз, сізде эпидемия тоқтайды, өйткені адам ағзасында вирус мәңгі өмір сүре алмайды деп жазылған. Не ағза вируспен бірге өледі, немесе вирус өледі, ал ағза емделіп шығады. Осылай вирустың таралу тізбегі тоқтатылады. Егер ешкімді сыртқа шығармай, барлық адамдарды пәтерлеріне қамап ұстаса, індет екі аптада аяқталады», — деді ол.
Дәрігердің пікірінше, коронавирусты Қытайда, Тайваньда, Оңтүстік Кореяда және тіпті Вьетнамда дәл осы схема бойынша әрекет еткендіктен тоқтату мүмкін болды.