Нигердегі дағдарыс: БҰҰ Әскери төңкеріс гуманитарлық жағдайды нашарлатты деп ескертеді

Нигердегі жағдай әскери бүліктен кейін нашарлап барады, деп хабарлайды БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ). Елде зорлық-зомбылық жиілеп қана қоймай, гуманитарлық ахуал айтарлықтай нашарлаған.

БЖКБ мәліметі бойынша, Батыс Африка елдерінің экономикалық қоғамдастығы (ECOWAS) салған санкциялар ауыл шаруашылығы маусымының аяқталуы мен жаңбырлы кезеңінің басталуы арасындағы кезеңге дөп келді. Бұл азық-түлік тауарлары бағасының күрт өсуіне алып келді. Көршілес елдермен шекараның жабылуы Нигерді тауарлармен және азық-түлікпен жабдықтауға жағымсыз әсер етті.

БҰҰ өкілі «жақында болған қақтығыстар соңғы айда ғана 20 мыңнан астам адамның ел ішінле қоныс аударғанын» атап өтті. БҰҰ БЖКБ мәліметінше, қазіргі таңда Нигер 700 мыңнан астам босқынға баспана беріп отыр. Мемлекеттік емес қарулы топтар тарапынан қысымның күшею, сондай-ақ толассыз жаңбыр әлеуметтік осал топтағы халық үшін гуманитарлық ахуалды нашарлатуда.

БҰҰ өкілі атап өткендей, шілде айында Тахуа, Маради, Тиллабери және Диффеде 255 адам ұрланған. 26-31 шілде аралығында осындай оқиғалардың саны 50%-ға өсті.

Нигердегі дағдарыс ел халқы үшін елеулі зардаптар тудыруда және гуманитарлық ахуалды жақсарту және жағдайды тұрақтандыру үшін дереу халықаралық күш-жігерді талап етіледі.

Добавить комментарий