Жақында Украина Қорғаныс министрлігінің БББ бастығы Кирилл Буданов Ресей билігі тағы жарты миллион ресейлікті әскерге жұмылдыру мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. «Украина Қарулы Күштері жүргізіп жатқан ауқымды шабуыл барысына көз жүгіртетін болсақ, онда РФ-да шынымен жұмылдыру қажет екені байқалады. Айта кету керек, Ресейде мобилизация басталған сәттен бастап іс жүзінде әлі тоқтаған жоқ. Ол жасырын түрде жүзеге асырылып жатыр», — дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, РФ-да ай сайын 20 000 адамға дейін мобилизацияланады.
Қазіргі кезде соғыс алаңындағы жағдай қандай. «Украина тарапының мәлімдемесіне сәйкес, Ресей армиясы күн сайын жүздеген сарбазынан айырылуда. Бұл ретте түрлі дереккөздерден Ресей армиясы соғыс алаңының кейбір учаскелерінде жеке құрамға ротация жүргізілмей жатқаны ақпарат келіп түсті. Сондай-ақ РФ армиясының жеткілікті қосымша күші жоқ. Украина Қарулы Күштерінің баяу болсын, ең бастысы алға жылжып келеді, ал Ресей күші әлсіреуде. Жеке құрамды жеткілікті және уақтылы күшейтуді қамтамасыз етудегі проблемадан бөлек, басқыншы әскердің логистикасында қиындықтар бар.Соғыс алаңына оқ-дәрілер мен қару-жарақтар кідіріспен жеткізілуде, өйткені УҚК тамыз айында басында Херсон облысын Қырыммен байланыстыратын екі көпірді жарған», — деп есептейді сарапшылар.
Соңғы апталарда түрлі сарапшылар, біріншіден, Украина армиясы түрлі бағытта жүргізіліп жатқан қарымта шабуылда «тактикалық маңызды» прогреске қол жеткізді деп мәлімдеуде. Соғыс алаңының кейбір учаскесінде украиналық жауынгерлер Ресей армиясы қорғанысының бірінші желісін бұзды, соғыс алаңының басқа учаскесінде украиналық әскерилер мина алаңынан өтіп және т.б. Екіншіден, Украина армиясы ресейліктер шабуыл жасамақ болып отырған бағыттарда шабуылдауға жол бермеуде. Атап айтқанда, Купян және Лиман бағыттарында. Үшіншіден, Украина Қарулы Күштері Ресей әскеріне уысынан шығарып алған позицияларды қайтарып алуға мүмкіндік бермей отыр. Басқыншы әскердің шабуылдау әрекеттері адами және әскери техника тұрғысынан өте көп шығынға ұшырауда.
Мұндай жағдай (УҚК-ның елдің оңтүстігіндегі және Бахмут түбіндегі қысымы) Ресей әскеріне басымдықты өз қолына алу үшін басқа бағыттағы шабуылдауды айтарлықтай жандандыруға мәжбүр етуі мүмкін. Бұл жағдайда сарапшылар РФ Купян және Лиман бағыттарындағы шабуылдарды одан әрі жандандыратынын айтып отыр. Бұған дейін аталған бағыттарға Ресей 100 мыңнан астам әскери қызметшіні шоғырландырғаны айтылған болатын.
Егер РФ кез келген жолмен бастаманы өз қолына алуға тырысатын болса, онда Ресей армиясының қатарындағы шығындар саны артатынын білдіреді. Бұған Бахмут үшін шайқас мысал бола алады, басқыншылар әскері қаланы кез келген жолмен басып алмақ болған.
Осылайша, Будановтың Кремль мобилизацияның жаңа легін жариялауды жоспарлап отыр деген мәлімдемесі ақиқатқа жақын деп есептейді саясаттанушылар.