Габонда әскери төңкеріс болды: Мемлекеттік институттар таратылды

Габонда әскери төңкеріс жарияланғаннан кейін ахуал күрт өзгерді. Әскерилер елдегі билікті басып алғанын жариялады, сондай-ақ барлық мемлекеттік институттар таратылды. Бұл туралы жергілікті Gabon 24 телеарнасы хабарлады.

Жаңа режим аясында Габонда Институттарға көшу және оларды қалпына келтіру жөніндегі комитет құрылды. Қорғаныс және қауіпсіздік күштерінің әскерилер бейбітшілікті қорғау және қазіргі саяси режимді тоқтататынын мәлімдеді. Осы орайда 2023 жылғы 26 тамызда өткен жалпыға ортақ сайлау және олардың алдын ала нәтижесі жойылды. Елдің шекарасы келесі есертуге дейін жабылды, ал республиканың барлық институттары уақытша жабылды.

Сондай-ақ, Reuters ақпарат агенттігі таңертеңгі уақытта Габон астанасы Либревилде атыс дыбыстары естілгенін хабарлады.

Бұл туралы жаңалық сайлау комиссиясы қазіргі президент Али бен Бонго Ондимбаның президент сайлауындағы жеңісі туралы ресми жариялағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң хабарланды. Ол сайлаушылардың 64,27% дауысын жинап, үшінші мерзімге қайта сайланды. Қазір президенттің қайда орналасқаны белгісіз және ресми билік органдары әзірге ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Добавить комментарий