Донецк халық жасағының бұрынғы жетекшісі Игорь Стрелков тұтқындалды

Донецк халық жасағының бұрынғы жетекшісі Игорь Стрелков экстремизм бойынша айыпталып, тұтқындалды

Мәскеу қалалық соты донецтік халық жасағының бұрынғы жетекшісі Игорь Стрелковты экстремизмге үгіттеу ісі аясында тұтқындау туралы шешім шығарды. «Интерфакс» тілшісінің хабарлауынша, сот қорғаушылардың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Мәскеу Мещан сотының 2023 жылғы 21 шілдедегі Игорь Стрелковқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысы 2023 жылғы 18 қыркүйекке дейін күшінде болады. Бұл шешімнің егжей-тегжейі сот құжатында көрсетілген.

Стрелковтың адвокаттары бірінші сатыдағы шешімнің күшін жоюды және бұлтартпау шарасын неғұрлым жұмсақ жазаға ауыстыруды талап етті. Адвокаттар қорғалушысының қашып кетпейтінін айтып, оның түрлі марапаттар барын, сондай-ақ сырқаттанып қалғанын атап өтті. Олар Стрелковты тергеумен ынтымақтасып, дәйекті және шынайы айғақтар бергенін атап өтті.

Игорь Стрелковтың өзі бірінші сатыдағы соттың бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдалғанына наразылық юілдіріп білдіріп, өз қорғаушыларының айтқандарына қосылды.

 

Добавить комментарий