«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, жақын күндері Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады. Еліміздің барлық аумағында ауа райы жауын-шашынды, найзағай ойнайды және ауа температурасының төмендейді деп күтіледі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Найзағаймен және қатты желмен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі болжанып отыр.
Синоптиктердің деректері көрсеткендей, Ауа температурасының ең қатты төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде күтіледі. Түнгі уақытта ауа температурасы 3-11 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді.
Дегенмен, еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кезеңнің басында салыстырмалы түрде жылы болады. Алайда, болжамды кезеңнің соңына қарай ауа температурасы төмендейді деп күтіледі және түнде 10-15 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 20-25 градус жылы болады.