23 тамыз күні кешкісін Ресейдің Тверь облысында Евгений Пригожин және әскери топтың барлық дерлік басшылары мінген ұшақ құлады. «Пригожиннің әскери бүлігінен кейін екі ай өткен соң ұшақ апаты орын алғаны күдік туғызуда. Әскери төңкеріс тараптардың тез «татуласуымен» аяқталғанын барлығы біледі. Жанжалдасқан тараптардың бірі күрт жоқ болып кетті. Бұл жағдайда Ресей президенті Владимир Путиннің «вагнерлершілердің» басшылығы мінген ұшақтың апатқа ұшырауына қатысы бар деп айтуы мүмкін», — дейді украиналық саясаттанушылар.
Олар мемлекет басшылары мен сарапшылардың мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірді.
Украина президенті Владимир Зеленский «Вагнер» ЖӘК басшысының өліміне Украина тарапының ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. «Украина президентінің мәлімдемесіне сену не сенбеу — әркімнің таңдауы. Бірақ фактілер жағдайды анық қылып көрсетеді. Пригожин мінген ұшақ шамамен 8,5 шақырым биіктікте ұшқан. Бұл дерек украиналық диверсанттардың ұшақ апатына қатысы барын толығымен жоққа шығарады. Ұшақты зениттік зымыран арқылы атып түсіргені айтылған, егер бұл рас болса, зениттік зымыран жақсы дәрежеде болуы тиіс және тиісті зениттік зымыран кешенінен ұшырылған болуы керек. Stinger және басқа да иықтан атылатын жеңіл ДАРЗЖ пайдаланылды деп айтпаса да болады. Демек, мұндай жағдайда РФ әуе кеңістігінде осындай биіктікте ұшақты тек Ресей әскері ғана атып түсірген болуы мүмкін», — дейді саясаттанушылар.
АҚШ президенті Джо Байден Путиннің ұшақ апатына қатысы барын мәлімдеп, «Ресейде Путин араласпаған іс аз, бірақ менде жауап беру үшін жеткілікті ақпарат жоқ» деді. Түрлі сарапшылар ұшақ апатының артында Путин тұр деп есептейді.
«Пригожиннің өлімін ресейлік ресми ведомстволар жарыса растай жөнелді. Бұл қалыпты жағдай емес. Мәселен, Навальныйға қатысты БАҚ оппозиционердің халі оның өмір сүру салтымен байланысты екенін хабарлады. Пригожинге қатысты жағдай мүлдем бөлек. Путин режимі мен БАҚ Ресей президентінің бұл қайғылы оқиғаға қатыстылығын жоққа шығару үшін ешқандай әрекет жасап жатқан жоқ. Осылайша, Пригожинді өлтіру — бұл кезекті саяси қастандық емес, РФ-дағы саяси қастандықты қалыпты жағдай қылу», — дейді батыстық саясаттанушылар.
Олардың пікірінше, Ресейдің саяси элита өкілдері сескене бастауы керек. «Егер саяси элита өкілдері арасынан біреу қолданыстағы режимге қарсы шығатын болса, онда ол да осындай жағдайға ұшырауы мүмкін. Осылайша, 23 тамыздан бастап РФ-да «ойын ережесі» түбегейлі өзгерді», — дейді батыстық мамандар.