Ресейдің мемлекеттік жүйесі құрдымда: сарапшылардың пікірі

Ресей президенті Владимир Путин әлемге Ресейдің ұлылығын көрсетіп, өзін Кеңес Одағы секілді елдің президенті ретінде танытуды жоспарлаған болатын. Ресей көршілес елге баса көктеп кіргенде видеоларда Херсон облысында ресейлік танктерге кеңестік қызыл жалау ілінгені көрінген, бұл кездейсоқтық емес. Херсон Ресей әскерлерінің бақылауына өткеннен кейін қала көшелерінде КСРО әнұраны естілді. 9 мамыр күніне орай Мариупольді кеңестік символикалармен безендірген.

«Беларусь ұзақ жылдар бойы Мәскеудің ықпал ету аймағында, ал Украина керісінше 1990 жылдан бері кеңестік өткенмен күресіп келе жатқаны белгілі.

«Путин Украинаның Батысқа қарай қозғалысын ешқашан жақтырған емес. Ол Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі елдердің барлығына сөзін жүгірткенін қалады. Ресей президентінің империялық амбициясы қанды оккупанттық соғысты бастауға түрткі болды. Соғыс басталғалы 18 айдың ішінде Путин режимі қалаған нәтижеге қол жеткізе алмағанын сеніммен айтуға болады. Оның үстіне, Путин ел ішіндегі проблемаларды ушықтырып, оны күллі әлемге паш етті. Беті ашылған мәселелердің бірі — агрессор елдің мемлекеттік жүйесі құрдымға кетті», — деп отыр украиналық саясаттанушылар.

Фото: Пригожин армиясы Мәскеуге қарай бет алғанда, оларды ешқандай әскери құрамалар тоқтатпады

Батыстық саясаттанушылардың хабарлауынша: «Ресей соғыс үшін жауапкершілікті губернаторларға мойнына жүктеген және олардың міндетіне кірмейтін тапсырмаларды орындауға мәжбүрлеуде. Мәселен, РФ губернаторлар мобилизация бойынша жоспарларды орындап, наразы сарбаздарға қатысты мәселелерді шешуі тиіс. Сондай-ақ олардың міндетіне сыйақы, қосымша төлем және өтемақы төлеуге ақша табу, сонымен қатар сарбаздарға әскери киім іздеу, қорғаныс бекіністерін салу, аумақтық қорғаныс жасақтарын ұйымдастыру және т.б. кіреді. Мұның бәрі бір қарапайым себеппен орын алып отыр: Кремль мемлекеттің әскери вертикалі өзінің тікелей қызметін толыққанды атқара алмайтынын түсінді. Сондықтан азаматтық шенеуніктерге қосымша жұмыс, жауапкершілік жүктелді.  Осылайша, соңғы бірнеше ай ішінде губернаторлар ресурстарды қайда жұмсайтынын таңдау керек: қалалық инфрақұрылымды, көлікті, білім беру, денсаулық сақтау саласын жақсартуға немесе соғысқа. Жауабы айдан анық — ресурстардың басым бөлігі соғысқа кетіп жатыр».

РФ-ның азаматтық вертикаліндегі дағдарыстан бөлек, Ресей Қарулы күштерінде және тәртіп сақшыларында дағдарыс орын алып жатыр, дейді сарапшылар.

Фото: Пригожин армиясы Мәскеуге қарай бет алғанда, оларды ешқандай әскери құрамалар тоқтатпады

Мысал ретінде Пригожиннің бүлігі келтіріледі. «Пригожин армиясы Мәскеуге қарай бет алғанда, оларды ешқандай әскери құрамалар тоқтатпады. Неге? Себебі Ресей Қарулы күштерінің барлық әсерилері мен ауыр техникасы Украина әскерін кез келген жолмен ұстап тұру үшін соғыс алаңында жұмылдырылған. Тәртіп сақшыларының тиімділігі де төмендеген. Статистика бойынша РФ-да 2022 жылы қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалған қылмыстар саны 2021 жылмен салыстырғанда үштен бір есеге артты. Неге? Біріншіден, соғыс алаңынан әскери қызметке жарамсыз сарбаздар (мүгедектер және т.б.) қайта оралып жатыр, қайтып келгендердің бір бөлігі бұрын түрлі жеке әскери компаниялардың қатарында соғысқан қылмыскерлер. Екіншіден, РФ-да тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттерден міндеттерінен бөлек, мобилизацияланғандарды, әскерге шақырылушылар мен қашқындарды іздеуде», — дейді саясаттанушылар.

Олардың пікірінше, мұндай жағдай Ресейдің мемлекеттік жүйесін құрдымға жібереді, себебі соғыстың салдары жылдам пайда болып отыр.

Добавить комментарий