Тәжікстан мен Қытай электромобиль шығаратын бірлескен кәсіпорын құру арқылы серіктестік қарым-қатынастарын кеңейтпек. Тәжікстан парламентінің төрағасы Рустам Эмомалидің Бейжіңге ресми сапары барысында келісімге қол қойылды.
Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, келісім аясында Тәжікстанның «Авесто Групп» компаниясы және Қытайдың «Цзиньчуань» компаниялары сомасы 25 миллион доллар болатын құжатқа қол қойды. Жаңа кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 1,5 мың машинаны құрайтын электромобильдер шығарумен айналысады.
Электромобильдер шығару бойынша бірлескен жоба Рустам Эмомалидің Қытайға сапарының негізгі тақырыптарының бірі болды. Сапар барысында ол жоғары лауазымды қытайлық шенеуніктермен, соның ішінде Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы мен Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің өкілдерімен кездесті.