Жасөспірім мен оның сыбайласы 30-дан астам интернет-алаяқтық жасады: Киберполиция қылмыскерлерді ұстады

Қарағандыда киберполиция қызметкерлері 30-дан астам интернет-алаяқтық оқиғасын ұйымдастырды деген күлікке ілінген кәмелетке толмаған жасөспірім мен оның сыбайласын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Kazpravda.kz тілшісінің хабарлауынша, операция облыстық полиция департаментімен бірлесіп жүргізілді.

Қарағанды облысының тұрғындары ғана емес, көршілес өңірлердің тұрғындары да алаяқтың арбауына түсіп, қомақты ақшасынан айырылды, жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 15 млн теңге. Бір қызығы, күдіктілердің бірі кәмелетке толмаған жасөспірім. Операцияға балаларды қорғау ұйымының өкілдері де қатысты.

Күдіктілер өте тиянақты әрекет еткен. Олар арзан бағаға телефон сатамыз деп хабарлама жариялаған. Қаскүнемдердің арампилығы іске асып, сатып алушылардың көбі алаяқтардың арбауына түскен.

Оларды ұстау барысында күдіктілерден Apple 256Gb маркалы Макбук, тапсырыс берушілерді жазғаны туралы қойын кітапша, Beeline, Activ, Tele2 операторларының бес SIM-картасы, 5 миллион 453 мың теңге ақша, Instagram әлеуметтік желісіне байланыстырылған IPhone 14 телефоны тәркіленіп, алынды.

Тергеушілер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша жұмыс жалғастыруда. Жедел-тергеу шаралары қызу жүріп жатыр және полицейлер аталған алаяқтықтың әрбір аспектісін тексеруде.

Добавить комментарий