ҚР-да электросамокатты мас күйінде жүргізгені қандай жаза көзделген

ҚР ІІМ Қазақстанда мас күйінде электросамокатты жүргізгені үшін қандай айыппұл салынғанын хабарлады.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова электрсамокатты механикалық көлік құралы емес екенін, тіркеуге жатпайтынын, сондықтан мас күйде жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша көзделген жауапкершілік қолдынылмайтынын айтты.

Бұл жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жауапкершілік шарасы электрсамокатпен жүретіндерге қолданылмайтынын білдіреді. Дегенмен, мас күйде электросамокатты жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу» 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, қайтадан тәртіп бұзатын болса бес тәулікке дейін қамалуы мүмкін) бойынша қоғамдық орындарда мас күйіде жүргені үшін жауапкершілікке тартылады.

Электрлі самокат жүргізушілеріне бақылау қалай жүргізілетінін және жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін оларға қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

«Кикшеринг компаниялары жаяу жүргіншілер мен саябақтардың белгілі бір жерлерінде электрлі самокат жылдамдығын шектейтін болады. Орнатылған GPS-сенсордың арқасында мұндай аймақтарға кіру кезінде жылдамдықты шектеу автоматты түрде қосылады. Жауапкершілікке келсек… Қазір оларды жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартуға болады», — деп хабарлады Ақтоты Боранова.

«Бұл ретте қазіргі уақытта максималды конструктивті жылдамдығы 50 км/сағаттан асатын электрлі самокаттардың импортын шектеу мүмкіндігі қарастырылуда, себебі мұндай көлік қауіпті, тұрақсыз және одан жарақат алу қаупі жоғары», — деп хабарлады ІІМ өкілі.

Добавить комментарий