Гүл дүкеніндегі дау: МКБ қызметкеріне қатаң сөгіс шығарылды

Гүл дүкеніндегі жанжалға қатысы бар МКБ қызметкері дөрекілігі үшін қатаң сөгіс алды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде гүл дүкенінде түсірілген видео тараған болатын, онда келуші қоқан-лоқы көрсетіп, ақша төлемей, гүлді алып кеткен.

Анықталғандай, видеода Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері болып шықты.

Ол аталған оқиғадан кейін 11 күннен соң жұмыстан шығып кеткен. Оның жанында Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды болған.

МКБ қызметтік тергеу жүргізіп, Данияр Елқонданың әрекеті әдепсіз және дөрекі деп бағаланды.

 

«Елқондыға қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлер азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау керек», — деп хабарлады мемлекеттік қызмет департаменті.

Добавить комментарий