Алматыда өрт сөндірушілер Жетісу ауданындағы қоймаларда шыққан өртпен арпалысуда.
«Конструкциялық ерекшеліктер: металлдан жасалған қабырғалар, жоғары температура, конструкциялардың құлау қаупі туындады. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді», — деп хабарлады ТЖД.
Өрт орнында 100-ден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр.