Украинада қалыптасқан жағдай Путин үшін, жалпы Ресей үшін де жағымды болып отырған жоқ деп есептейді батыстық сарапшылар. «Ресей елеулі қарсылыққа ұшырап, әлемнен оқшауланды, ал елді аздаған мемлекет қолдауда. Бұған қарамастан Путин соғысты тоқтатпады. Ресей президенті соғыс алаңында кез келген жеңіске жету үшін қолда бар барлық ресурстарды пайдаланды», — деп мәлімдейді олар.
Ресей әскерінің Бахмутты басып алуы бірінші кезекте саяси тұрғыдан қол жеткізілген мақсат болды. РФ билігі ел әскерінің бірінші кезектегі міндеті Донецк және Луганск облыстарының әкімшілік шекараларына шығу екенін бірнеше рет мәлімдеген.
«Аталмыш елді мекенді басып алу Кремльге және ресейлік пропагандаға соғыстағы жетістікті көрсету үшін қажет болды. Нәтижесінде Ресей әскері Украина Қарулы Күштерін қала аумағынан шығарып жіберді. Дегенмен осындай нәтижеге қол жеткізу үшін оккупанттар көп шығынға ұшырады. Біріншіден, ресейліктер бірнеше ай бойы қалаға шабуыл жасап, барлық күш-жігерін салды. Осылайша, олар уақытын жоғалтты, ал Украина болса осы уақытта батыстық қару-жарақ алып, алдағы шабуылдау операциясына сарбаздарын дайындады. Екіншіден, ресейліктер тірі күш тұрғысынан және әскери техника тұрғысынан өте көп шығынға батты. Шын мәнісінде, РФ әскері Бахмутты басып алу үшін Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жауынгерлік тактиканы қолданды: алда жаппай атыс жүйелерімен шабуыл, артынан жаяу әскер жүреді. Бахмут түбіндегі кескілескен шайқас кезінде, сарапшылардың бағалауы бойынша, күн сайын 1000-ға жуық оккупант қаза тапты. Украина шабуылдау операциясын екі айға жуық уақыт бойы жүргізіп келе жатқанына қарамастан, Бахмут Путиннің кезекті жеңісі емес, оның кезекті ауыр жеңілісі болуы мүмкін», — деп мәлімдейді батыс сарапшылары.
Қазір, осыдан бірнеше ай бұрынғы уақыттағы сияқты Бахмутта кескілескен шайқастар жүріп жатқан «жер» болып қала береді. Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, УҚК ресейліктердің басып алған жерлерді біртіндеп қайтарып, басымдықты өз қолына алуда.
Украина Қарулы Күштерінің мақсаты Бахмуттан жау күштерінің әскерін қоршауға алу немесе ығыстыру болып табылады. «Айта кету керек, Украина әскері қала төңірегіндегі негізгі биіктіктерді басып алды, бұл Бахмутқа шығатын және кіретін жолдарды, сондай-ақ, Ресей әскерінің елді мекен ішіндегі қозғалысын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Бұл ретте қала ішінде РФ армиясының орналасуы қиынға соғуда, өйткені қалада барлық дерлік ғимараттар жойылған. «Ресей президенті Бахмуттан айырылған соң жаңа мақсат жариялайтыны сөзсіз. Ол үшін ресейліктердің табысы мен әл-ауқатын, олардың құқығы мен бостандығын, экономиканың дамуы мен болашақ ұрпақтың болашағын құрбан етуге тура келеді», — деп отыр батыстық сарапшылар.