«Қазақстан халқына» қоры бакалавриатқа түсетін талапкерлер үшін нан 850 білім беру грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоры бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы (ЖЖОКБҰ) түсуді жоспарлап отырған талапкерлерге 850 білім беру грантын бөлетінін жариялады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі. Бағдарламаға ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар, жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларды қоса алғанда, белгілі бір критерийлерге сай келетін 29 жастан аспаған қазақстандықтар қатыса алады.

Білім беру гранттары байқауына қатысу үшін құжаттар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына тапсырылады. Білім беру гранты тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлер қатарынан қалыптастырады.

Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді және бүкіл оқу мерзімі ішінде 40 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Білім беру гранты бір рет ұсынылатын атаулы грант болып табылады, екінші жоғары білім алуға білім беру грантын алуға жол берілмейді.

«Қазақстан халқына» қоры еліміздің білім мен мәдени әлеуетін дамытуға ықпал ете отырып, жастар мен білім беру бағдарламаларын белсенді қолдайды. Грант, ЖЖОКБҰ тізімі және грант саны бойынша толық мағлұматпен «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» бөлімінде таныса аласыз.

 

Добавить комментарий