Ресейдің «Ресей — Африка» саммиті алдында Қара теңіз астық бастамасынан шығуы африкалық көшбасшыларды ресейлік тараптың ұсыныстарын мұқият тыңдауға мәжбүрлеуі мүмкін.
Қажетті азық-түлік тауарларын алудың баламалы көзі жоқ Африка елдері Ресейге толықтай тәуелді болу қаупі туындап отыр, Африка елдерінің мемлекет басшылары тұзаққа түсетіні не түспейтіні шілде-тамыз айларының соңында саммит аяқталған соң белгілі болады.
Түркия Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, Қара теңіз астық бастамасы енгізілгелі бері украиналық астық экспортының 42%-ы Азия мен Африка елдеріне тиесілі болды.
Ресей саммит алдында астық мәмілесінен шығып, жасанды түрде туындаған азық-түлік тауарларына байланысты проблеманы өз өнімдерін беру арқылы шешіп, ал оның орнына мұнай, қымбат металдар мен асыл және түсті металдарды өндіруге қол жеткізуді көздеп, сол арқылы бопсалау саясатын жүргізуде.
Елдің астық мәмілесінен шығуы ғана емес, «Ауыл шаруашығы министрлігінің» егістік болжамы бойынша мәлімдемесі де күдік туғызады, мәселен, олар наурыз айында 85,3 млн тонна жаңа астық жиналады деп болжаған еді, бір жыл бұрын 104,2 млн тонна болған, ал мамыр айында 123 млн тонна, ал маусым айында ол 131 млн тонна болды.
Бұл ретте 2019/2020 жылдары Украина әлемде астық экспорты бойынша екінші орында тұрды. Бірақ енді бәрі өзгерді, Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуде Украинаның орнын басты, ал астық келісімінен шығу әлемдік ауқымда бопсалауға жақсы мүмкіндік беріп отыр және «Ресей — Африка» саммиті бірінші сынама болады.