Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Римге жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Марокко арасындағы шегірткеге қарсы күрес жөнінде ынтымақтастық орнатылды. Министр Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және Ауылшаруашылық Ұйымы халықаралық шегірткеге қарсы орталығында болып, зиянкестерді анықтау және оларға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылады.
Кездесудің басты тақырыптарының бірі аумақтарға дрондарды пайдалана отырып, жәндіктерді анықтау аумақтарының мониторингін енгізу туралы болды. Бұл болашақта жерді фитосанитариялық өңдеуді дәлірек жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Еуразия өңіріндегі табын зиянкестерімен күрес мәселелерін неғұрлым жедел және тиімді шешуге жәрдемдесетін ФАО-ның шегірткелер жөніндегі тұрақты комиссиясын құру идеясын қолдады. Австралия мен Марокко шегірткелермен күресудің озық тәжірибесіне ие. Ербол Қарашөкеев министрліктің қазақстандық мамандарды Мароккоға оқуға жіберу жоспары барын хабарлады, сондай-ақ ведомствода тәжірибе алмасу үшін марокколық сарапшыларды біздің елге шақыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.