Рекордтық көрсеткіш: Жарты жыл ішінде 87 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алды

Ресей ІІМ-нің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы елдегі миграциялық жағдайы туралы статистикасына сәйкес, шамамен 87 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 мың адамға артық, бұл Ресей азаматы болғысы келетіндердің өсіп келе жатқанын көрсетеді. Күн сайын 500-ден астам тәжікстандық Ресей азаматтығын алып жатыр.

Алайда, Ресей азаматтығын алғысы келетін шетелдіктердің жалпы саны азайды. 2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында шамамен 205 мың шетелдік Ресей азаматығын алды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 382 мыңға аз.

Добавить комментарий