Ағымдағы жылы, өткен сегіз айдың ішінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сыртқы сауда айналымы айтарлықтай қысқарды. Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті хабарлағандай, осы уақыт ішінде сауда көлемі $471,3 миллионды құрап, 30 пайызға қысқарды.
Экспорт $170,5 миллион сомасында қалыптасты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,3 пайызға аз. Қазақстандық өнімнің импорты $300,8 млн құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 пайызға төмен.
Қырғызстанның сыртқы сауда айналымындағы Қазақстанның үлес салмағы 13,5 пайызды құрайды.