Еуропаның оңтүстік бөлігінде аномалды ыстық болжануда

Синоптиктер Еуропаның оңтүстігінде аномальды ыстық болады деп хабарлап отыр. Ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша 40 градусқа дейін көтеріледі.

Аталып өткендей, бұл Жерорта теңізі жағалауындағы 2023 жылғы жаздағы ең ыстық ауа райы.

«Цербер» деп аталатын аптап ыстықтың толқыны Испания, Франция, Италия, Грекия, Хорватия және Түркияның бөліктерін қамтиды. Ауа температурасы 40°C, ал Италияның кей жерлерінде 48.8°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды BBC.

Алдағы күндері көптеген жерлерде ауа температурасы максимум деңгейге көтеріледі.

Италияның он қаласында, оның ішінде Рим мен Флоренцияда аптап ыстыққа байланысты қызыл ескерту жарияланды.

Елдегі төтенше ыстық жанама түрде бір адамның өліміне себеп болды — Милан түбіндегі Лоди қаласында 44 жастағы жұмысшы жылу соққысынан есінен танып қалған. Ер адам ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ, аптап ыстыққа байланысты бірнеше туристер талып қалғаны туралы хабарланды.

2021 жылғы тамызда Италияның Сицилиядағы Сиракузы қаласы маңында тіркелген 48.8°C градус ыстық Еуропадағы ауа температурасының максимум деңгейі болып қала береді.

Добавить комментарий