Росстат инфляция жеделдегенін жариялады

Росстаттың хабарлауынша, өткен айда инфляция 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 0,37%, жылдық көрсеткіште 3,25% болды.

Маусым айында Ресей аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызмет бағасы көтеріле бастады, бұл инфляцияның өсу үдерісін басталуына алып келді.

Сонымен қатар, маусымда рубль құлдырады

Маусымда тұтыну бағасы өткен аймен салыстырғанда 0,37%-ға (мамырда сәуірмен салыстырғанда 0,31%-ға) өсті, ал жылдық мәнде инфляция 3,25%-ға дейін (мамырда 2,51%) жеделдеді, деп хабарлады Росстат. Маусым айында рубльдің құлдырауы де жеделдеді.

Маусым айында инфляцияның жеделдеуі тауар бағасының өсе бастауына байланысты болды (мамырға 0,2%-ға һсті — негізінен азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауы есебінен); мамыр айында тауарларда нөлдік динамика болды. Қызмет көрсету бағасы маусымда мамырдағы өсіммен салыстырғанда (сәуірде 1,13%) бәсеңдеп, 0,83%-ға өсті.

Маусым айында қызанақтың бағасы орта есеппен 22%, пияз 13,5%, банан 12,4%, ақ түсті қырыққабат 10,8%, қияр 5,5%, жүзім 4,2% төмендеді. Сонымен қатар сәбіз — 22,2%, картоп — 21,5%, лимон — 16,1%, ас қызылшасы — 13,1%, алма — 6,7% қымбаттады.

Тауық еті айлық мәнде 6,8%, құмшекер 4,6% қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында жеңіл автомобильдер (отандық жаңа) — 2,3%, жеңіл автомобильдер (импорттық қолданылған) — 1% қымбаттады.

Алайда телевизорлар (минус 2,1%), моноблоктар, мониторлар (минус 1,3-1,8%), смартфондар, планшет компьютерлер, ноутбуктар, кір жуатын машиналар, тұрмыстық плиталар, миксерлер, смарт-сағаттар және т.б. (1,1% шегінде) бағалары төмендеді.

Маусым айында ішкі туризм мен демалыс қызметтері арасында: демалыс үйлері, пансионаттар — 9,8%-ға, Қара теңіз жағалауында және Қырымда демалу — 9,2%-ға, санаторийлере — 5,5% -ға, қонақ үйлерде, мотельдерде және хостелдерде тұру — 1,7%-дан 3,8%-ға дейін көтерілді. Шетелдік туристік қызметтер бағалары өсті: Закавказье елдеріне демалу — 8,8%, Түркияға — 6,6%, Орта Азияның жекелеген елдеріне — 2,4%, Оңтүстік-Шығыс Азияға — 0,9%.

Рубль бағамы маусымның соңында күрт төмендей бастады, ал 6 шілдедегі сауда-саттықта жылдық минимумды жаңарды: Мәскеу биржасындағы доллар бағамы 93 рубльге, ал еуро бағамы 102 рубльге жетті. 12 шілде 16:30-тегі жағдай бойынша доллар 90,7 рубль деңгейінде саудаланады. Маусым айында рубль долларға қатысты мамырда 1% арзандағаннан кейін 10% төмендеді.

Орталық банк сарапшыларының эконометриялық бағалаулары 2016 жылдан бастап рубльдің 1% әлсіреуі тұтыну бағасының өсуіне шамамен 3-6 ай ішінде 0,1 п.т. қосқанын көрсетті.

Добавить комментарий