Қазақстандық ЖОО-лар талапкерлердің білім беру гранттарына қатысу үшін құжаттарды қабылдауды бастады.
Құжаттарды онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсырса болады.
Қазақстандық ЖОО-да білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Сондай-ақ, жоо-ларда виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады.
Биыл Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейі бойынша білім гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды:
бакалавриатқа түсу үшін — 73 мың;
магистратураға — 13 мың;
докторантураға — 1890 грант.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді.
Грантқа өтініштерді қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.