Ұлыбритания ҚК басшысы: Ресей Украинада жауынгерлік қабілетінің шамамен жартысынан айырылды

Ұлыбритания Қарулы Күштерінің басшысы, қолбасшы Тони Радакиннің мәлімдеуінше, Ресей әскері Украинада айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр, жауынгерлік қабілетінің шамамен жартысын айырылды, соның ішінде 2,5 мыңға жуық танкі бар.

«Financial Times» басылымы Радакиннің сөзін келтіреді: «Былтыр Ресей 10 миллион артиллериялық снаряд шығарды, бірақ қазір жылына тек 1 миллион снаряд шығаруға қабілетті. Танк шығыны 2,5 мың бірлікті құрайды, ал жаңа танктердің өндірісі жылына бар болғаны 200 бірлік».

Қолбасшы мина алқаптары, Украина әскерилеріне әуеден қолдау көрсетілмеуі және сұратылған әскери жабдықтың жеткіліксіз берілуі қарымта шабуыл науқанын бәсеңдептіп отырғанын атап өтті.

Дегенмен, Радакин Украинаның шабуылын белгілі бір мерзімге салып шектеу әділетсіз болатынын және қарымта шабуыл украиналық әскерилер қабылдаған шаралар мен іс-қимылдар кешеніе байланысты сәтті болатынын атап өтті.

Добавить комментарий