Франция президенті Эмманюэль Макрон наразылық шараларынан ең қатты зардап шеккен коммуналардағы жаппай іс-шараларды өткізбеу туралы шешім қабылдады. «Жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты бірқатар коммуналардағы мерекелік шаралар мен ауқымды жиналыстарды алып тастау туралы жиындар өткізбеу туралы шешім қабылдадық. Бұл біздің азаматтарымызды қорғауға бағытталған шара», — деп мәлімдеді Макрон Парижде жедел штаб отырысынан кейін.
27 маусымда 17 жасар бозбаланың өліміне байланысты Нантерде басталған жаппай толқулар Дижон, Лилль, Лион, Марсель, Страсбург және Тулузаны қоса алғанда, басқа да коммуналар мен ірі қалаларды қамтыды. Маусымның 29-нан 30-на қараған түні ондаған полиция көліктері өртеніп, полиция учаскелері мен әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасалып, оқу орындары зардап шекті.
Жалғасып жатқан тәртіпсіздіктерді басу үшін Францияның Ішкі істер министрлігі 40 мың полицейді жұмылдырды. Еліміздің бірқатар қалаларында көшелерді арнайы жасақтар патрульдеуде, олар бронетехника мен тікұшақтарды пайдалануда. Жұмаға қараған түні болған тәртіпсіздіктер салдарынан 875 адам ұсталып, 249 полиция мен жандарм жарақат алды. БАҚ мәліметінше, толқуларға қатысушылар арасында 14-18 жас аралығындағы жастар көп.