АҚШ Вагнер ЖӘК жалдамалыларына әлем бойынша хаос пен зорлық-зомбылық жасауына жол бермеу үшін белсенді қысым көрсетуді жалғастыруға ниетті екенін жариялады. Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби бұл туралы баспасөз брифингінде растады.
Кирби өз сөзінде: «Біз «Вагнер» компаниясын жауапкершілікке тарту үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Олар трансұлттық қылмыстық ұйымдар тізіміне енді және біз оларға қарсы санкция салдық. Біз олардың жүрген жерінде хаос пен зорлық-зомбылық жасауына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдаймыз».
Алайда Кирби өткен демалыс күндері әскери көтеріліс сәтсіз аяқталғанына байланысты «Вагнерді» не күтіп тұрғанын айтуға әлі ерте екенін атап өтті. Ол Пригожиннің қайда екенін білмейтінін мойындады.