Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту: перспективалар мен жетістіктер

2022 жылы Германия мен Қазақстанның екіжақты сауда-саттық көлемі шамамен 10 миллиард долларға жетті, дейді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесу барысында. Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы негізгі экономикалық әріптесі. Германияның Орталық Азия елдерімен алыс-берісінің 83 пайызы біздің елге тиесілі. Президент екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Германия мұнаймен қамтамасыз етіп отырған негізгі төрт мемлекеттің бірі саналады. Қазір екі ел экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ басты. Қасым-Жомарт Тоқаев технология мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар нақты шараларды ұсынды. Президент сондай-ақ Ақтауда екі ел студенттері арасында тәжірибе алмасуға және өндіріс экономикасын дамытуға ықпал ететін қазақ-неміс инжиниринг институтының ашылатынын атап өтті.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар да Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады. Қазақстанда елді өркендетуге елеулі үлес қосып жүрген немістер саны көп, ал Германияда миллионнан астам қазақстандық тұрады. Президент Тоқаев осы саладағы өзара іс-қимылды тереңдетуге ниет білдірді.

Добавить комментарий