Қазақстанда ресейлік рок-топтың концерті өтпейтін болды

Семейде «Би-2» тобының концерті жергілікті жұртшылығының өтініші бойынша және табиғи өрттердің салдарынан болған қайғылы оқиғаларға байланысты концерті болмайды. Бұған дейін топ мүшелері өрттен зардап шеккендерге концерттен түскен барлық қаражатты жұмсамақ болған.

Семей қаласының әкімдігі «Би-2» тобының концерті өтпейтінін ресми түрде жариялады.

Облыс тұрғындарына жолданған хабарламада: «Құрметті отандастар! Табиғи өрт кезінде орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты, сондай-ақ облыс жұртшылығының өтініштері бойынша 21 маусымда «Арена» МКҚК жоспарланған «Би-2» ресейлік музыкалық тобының концерті болмайды».

Қала билігі барлық тұрғындардан қабылданған шешімге түсіністікпен қарауды сұрайды. 14 маусымда Астанада өткен концерт барысында Би-2 тобының қатысушылары — Шура мен Лёва қаза тапқандардың отбасыларына және алапат өрттен зардап шеккендерге көңіл айтты. Олар сондай-ақ концерттен түскен барлық қаражатты Абай облысында зардап шеккендерге жұмсайтынын айтты.

Абай облысында орман өрті маусым 8 күні басталған, қызыл жалынды 60 мың гектар аумақты шарпыды. Өрт салдарынан «Семей орманы» РМК Новошульба филиалының 14 қызметкері, сондай-ақ от сөндіруге аттанған бір тракторшы қаза тапты. 12 маусымда Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. 14 маусым күні кешкісін Абай облысындағы орман өрті оқшауланды.

Добавить комментарий