Алматыда энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бастық Талғат Малыбаев бұған дейін «Алматы жылу желілері» мен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында басшылық қызметтерді атқарған.

Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметіне Талғат Малыбаевтың тағайындалд, деп хабарлайды қалалық әкімдік. Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында туған, ол Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарағандыдағы «Агро-Консалтинг-К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады. Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды. Тағайындалғанға дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеді.

Талғат Малыбаев жаңа лауазымында Алматыдағы энергетика және сумен жабдықтау саласын қайта құруға ниетті. Оның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мол тәжірибесі мен білімі қаланы дамыту жолында пайдаланылады. Ол көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және қала тұрғындарының өмірін жақсартуға ұмтылады.

Талғат Малыбаевты жаңа қызметке тағайындалуы қалалық инфрақұрылымды жаңғырту мен жетілдіруге бағытталған. Алматы қаласының тұрғындары энергетика және сумен жабдықтау саласында оның басшылығымен оң өзгерістерді асыға күтуде.

Добавить комментарий