Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлеген қаза тапты. Журналисттің әріптестері мен достары бұған сене алар емес.
Төлеген соңғы рет 19 мамырда байланысқа шығып, одан кейін жоғалып кеткен. 21 мамырда Грузияның Телави қаласында аяусыз өлтірілгені хабарланды.
Жанботаның көз жұмғанын оның іптесі Назира Дәрімбет әлеуметтік желіде жариялады.
Жазбаның астында Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев қол қойған құжат қоса жарияланған.
Сондай-ақ, журналистің ағасы Ерболат Алтайұлының бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол Жанботаны 2 маусымда Қоянды ауылында жерленгенін айтты.
Журналист Жанбота Төлегеннің қазасы қазақстандық журналистер қауымын дүр сілкіндірді. Оның әріптестері мен достары осы қылмысты мұқият тергеп-тексеруді және кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.
Журналистік сала көптеген елде қауіпті болып қалып отыр және мұндай жағдайлар қоғам үшін маңызды оқиғаларды жариялайтын журналистердің сөз бостандығы мен қауіпсіздігін қорғау қажеттігін еске салады.