Экономистер Еуропада инфляция төмендеп бара жатқанын айтып жатыр, алайда дүкен сөрелеріндегі тауардың бағасы арзандағанға дейін бірнеше ай керек екенін ескертеді.
Еуростат — ЕО-ның статистикалық басқармасы бейсенбі күні жариялаған алдын ала деректер бойынша мамыр айында еуроаймақтағы жылдық инфляция өткен аймен салыстырғанда 0,9%-ға төмендегенін көрсетеді, бұл 6,1%-ды құрайды.
Сондай-ақ базалық инфляция өсімі (энергия мен өңделмеген азық-түлік өнімдерін қоспағанда) сәуірдегі 7,3%-дан салыстырғанда мамырда 6,9%-ға дейін баяулады.
Инфляцияның төмендеуіне негізгі себеп — мамыр айында 1,7%-ға төмендеген энергия тасығыш бағасының ауытқуы болып табылады. Сонымен қатар, тамақ, алкоголь және темекі бағаларының өсуі мамырда 12,5%-ды құрады, сәуірде 13,5% болған еді.
Сонымен қатар, Еуростат сәрсенбі күні жариялаған деректерге еуроаймақта жұмыссыздық деңгейі сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда 0,1%-ға төмендегенін көрсетіп, рекордтық 6,5%-ға төмендеген.
Еуроодақтың 27 елінде жұмыссыздықтың орташа деңгейі наурызбен салыстырғанда өзгеріссіз, 6% деңгейінде тұрақты күйде қалып отыр. 2022 жылғы сәуірмен салыстырғанда жұмыссыздық еуроаймақ елдерінде 0,2%-ға (6,7%-дан 6,5%-ға дейін) төмендеді, ал ЕО елдерінде жалпы алғанда 0,1%-ды (6,1%-дан 6%-ға дейін) құрады.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде балмұздақ бағасы былтырмен салыстырғанда шамамен 80%-ға өсті. Ал елдегі инфляция мамырда 15,9%-ға дейін баяулағанымен, кейбір өнімдер қымбаттады. Сондай тауарлардың бірі балмұздақ болып отыр. Мамыр айында ғана оның бағасы 5 -ға өсті. Қазақстанның барлық өңірлерінде баға қымбаттады Балмұздақ бағасы ең қатты көтерілген өңірлердің ішінде, Түркістан облысы (+19,7%), Алматы…
Росстаттың хабарлауынша, өткен айда инфляция 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 0,37%, жылдық көрсеткіште 3,25% болды. Маусым айында Ресей аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызмет бағасы көтеріле бастады, бұл инфляцияның өсу үдерісін басталуына алып келді. Сонымен қатар, маусымда рубль құлдырады Маусымда тұтыну бағасы өткен аймен салыстырғанда 0,37%-ға (мамырда сәуірмен салыстырғанда 0,31%-ға) өсті, ал…
Еуроаймақтағы 19 елде инфляция 8,9%-ға дейін жеделдеді, деп хабарланды ашық ақпарат көздерінде. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 8,6% болған Жылдық инфляцияның ең жоғары қарқыны Эстония, Латвия және Литвада тіркелді Еуростат тарихи рекорд жаңартылғанын хабарлады. 2021 жылғы шілдеде жылдық инфляция деңгейі 2,2% болды. Жылдық мәнде Еуроодақтағы тұтыну бағасының өсуі 9,6%-дан кейін…