Алматыда 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылды

Ағымдағы жылы Алматыға салынған инвестицияның жалпы көлемі 900 млрд теңгені құрайды деп болжануда.

Бүгінгі күні Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 608,2 млрд теңгеге жетті, қаланың нақты көлем индексі (НКИ) 112,6%-ды құрады. Салыстыру үшін, 2019 жылдың (қаңтар-қазан айлары аралығында) инвестиция көлемі 534,6 млрд теңгені құрады. Бұл туралы әкім Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте белгілі болды, онда 2020 жылы пайдалануға берілетін инвестициялық жобаларды іске асыру қарқыны қаралды.

Жыл басынан бері 179 млрд теңгенің 34 жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде 130,7 млрд теңгенің 19 ЖТҮ және өңдеу өнеркәсібі саласында 32,6 млрд теңгенің 7 жобасы бар. Олар Hyundai Trans Kazakhstan автокөліктерін, Papirone қағаз бұйымдарын, «Маслодел» май өнімдерін, автоматты қақпаларды шығаратын зауыттар. Бұдан басқа, «Бротмастер», Samruk Group, Ala Estate өнеркәсіптік парктері құрылды.

Әлеуметтік маңызы бар 3 нысан, оның ішінде TAMOS&Prestige мектебі, Ш. Уәлиханов атындағы халықаралық мектеп, SEN көпфункционалды музыка орталығы қолдануға берілді. Сондай-ақ, сауда және халыққа қызмет көрсету саласында 5 нысан салынды. Жыл соңына дейін құны 454,3 млрд теңгені құрайтын 82 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 67 жоба, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы 5 жоба — «Қазферросталь» зауытының шаршы дайындамасын өндіретін жаңа желіні қосу, жұмыс істеп тұрған «Интермультисервис» картон және қағаз шығаратын зауытты кеңейту, «Еуразкабель» кабель өнімдерін шығаратын зауыттың екінші желісін іске қосу, автоклавты ұяшықты «Г.С.Г. Высотник» газобетон шығаратын зауыт салу».

Сонымен қатар, жыл соңына дейін сауда және қызмет көрсету саласында 82 жобаны іске асыру, сондай-ақ әлеуметтік мақсаттағы нысандарды іске қосу жоспарлануда.

«Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 900 млрд теңге, НКИ — 107% деңгейінде болжануда», — деп түсіндірді әкімдік.

Добавить комментарий