2025 жылға дейін Атырауда 30-ға жуық заманауи медициналық нысан салу жоспарлануда. Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов кешенді жоспар мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында жаңа типтік жобадағы медициналық мекемелер салынатынын хабарлады. Қазіргі уақытта облыстағы бірнеше ауылда бес медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ үш қосалқы станциясы бар жедел жәрдем станциясының құрылысын бастау жоспарлануда. «ТШО» және «НКОК» компанияларының демеушілік қаражаты аудандық аурухана мен дәрігерлік амбулатория құрылысына жұмсалып жатыр. Атырау қаласында да екі емхана салынады. Облыстық онкологиялық диспансер 180 төсектік жаңа ғимаратқа көшеді. Радиологиялық корпус пен ғимараттың құжаттамансы жасақталуда.