Құбырдағы суда тырысқақ таяқшасы болуы мүмкін: Санэпэпидбақылау түсініктемесі

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құбырдағы суда тырысқақ таяқшасы болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін жалған ақпарат WhatsApp-та таратылып жатқаны белгілі болды. Ведомство бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтынын растады.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі мәлімдегендей: «Әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған (фейк) ақпаратты таратпауды сұраймыз және ресми көздерден алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз».

Осыған байланысты Комитет халықты қырағы болуға және дүрбелеңге салынбауға, сондай-ақ тексерілген және ресми көздерден алынған шынайы ақпаратты пайдалануға шақырды.

Добавить комментарий