Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Ресей билігінің «Тисима және Хабомаи аралдары тұрғындары одағы» үкіметтік емес ұйымының (ҮЕҰ) қызметін жағымсыз деп тану туралы шешімін сынға алды.
Сейсенбі күні жапондық үкімет басшысы аталған ҮЕҰ басшылығымен кездесті.
Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы 21 сәуірде «Тисима және Хабомаи аралдары тұрғындарының одағы» жапондық үкіметтік емес ұйымының қызметін РФ аумағында жағымсыз деп танылғанын жариялады. Ұйымның қызметі «Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған» және Ресейдің «конституциялық құрылыс және қауіпсіздік негіздеріне» қауіп төндіреді деп аталып өтті. Хабарламада аталған ұйымның мақсаты «Ресейден елдің аумағының бір бөлігін (Кунашир, Итуруп аралдары және Кіші Курил қыраттары) тартып алу» болып табылатыны айтылған.