Мәскеуде қаланың шығыс бөлігінде мотоциклші мен жасөспірім басқарған шетелдік көлік соқтығысып қалды. Мәскеу прокуратурасы мен ІІМ бас басқармасының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сәйкес, жасөспірім көлік жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген, мотоцикл жүргізушісінің де көлік жүргізу куәлігі болмаған.
Полицияның мәліметінше, жол апаты бейсенбі күні күндіз Байкал көшесінде орын алды. Шетелдік көлік пен мотоциклдің соқтығысуы салдарынан мотоциклші ауруханаға жатқызылды. 16 жастағы жасөспірім жеңіл көлікті тізгіндеген.
Мәскеу прокуратурасы Telegram-каналында жасөспірім Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндегенін нақтылады. Зардап шеккен мотоциклші ауруханада ауыр халде жатыр. Процессуалдық тексеру қадағалау ведомствосының бақылауында, деп түсіндірді прокуратура.
Сондай-ақ, мотоциклшіде «А» санатындағы (мотоцикл) жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды. Оқиғаның егжей-тегжейін құзырлы органдар анықтап жатыр.