Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша Қазақстанға тағы 14 млн доллар қайтарылды

Антикор хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстаннан БАӘ-ге заңсыз шығарылған тағы 14 миллион доллар активтерді қайтарды. Колонияда отырған Қайрат Сатыбалдыұлы бас бостандығынан ғана емес, мүлкінің бір бөлігін де айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бас прокуратурамен бірлесіп Сатыбалдыұлының ісі бойынша Қазақстанға шетелден 14 миллион долларды қайтарды. Алынған қаражат әлеуметтік мақсаттарға бағытталатын болады.

Тергеу басталғалы бері Қазақстан бюджетіне заңсыз шығарылған 464 миллиард теңгеден астам (1 миллиард доллардан астам) активтер мен ақша қаражаты қайтарылды. Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інсі Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қазіргі уақытта оған қатысты басқа да қылмыстық істер бойынша тексеру жүргізілуде.

Добавить комментарий