Солтүстік Қазақстан облысында карантиндік шараларды күшейту жоспарланып отыр, ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Кездесулердің бірінде ол өңірде коронавируспен ауырғандар санының артқанын атап өтті.
Осы фактіні ескере отырып, ВАК 9 қарашадан бастап келесі шараларды енгізуге шешім қабылдады:
- Петропавл қаласында қала периметрі бойынша блок-бекеттер орната отырып, карантин енгізсін;
- күнделікті өсім 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнату;
- Петропавл — Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқарту;
- облыс ішінде жолаушылар темір жол құрамдарының аялдауына тыйым салуға;
- Петропавл қаласынан шығатын әуе қатынастарының жолаушыларына теріс нәтижелі ПТР анықтамаларының міндетті түрде болуы керек (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспауы тиіс);
- діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұру;
Халықаралық екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік мен Қазақстан Республикасы азаматтар) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы міндетті түрде ұсыну бойынша талап енгізілсін (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын). Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР тест нәтижелері дайын болғанға дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылады.
Жұмыс күндері шектеу:
- үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру нысандары бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін;
- сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жұмысын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін;
Демалыс күндері қоғамдық тамақтану нысандары тек 08.00-ден 21.00-ге дейін жеткізу бойынша жұмыс істейді;
- офлайн кеңестер өткізуге тыйым салу;
- қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз ету;
- әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салу (билет болған жағдайда ғана өткізу);
- 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсыну;
- карантин режимін сақтау бойынша, атап айтқанда Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандары бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейту;
- карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
- облыс тұрғындарын ПТР тестілеумен қамту көлемін ұлғайту.