Тоқаев Лукашенконың Ресей мен Беларусь одағына қосылу туралы ұсынысына жауап берді: Мен әзіл ретінде қабылдадым
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь мемлекет басшысы Александр Лукашенконың Қазақстанға Ресей мен Беларусь одақтастығына қосылу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді.
Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Менің ойымша, бұған ешбір қажеттілік жоқ, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз.