Қаржы пирамидаларының жаңартылған тізімі: ҚМА дабыл қағуда

Қазақстанда қаржы пирамидаларының жаңартылған тізімі жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі өз ресми сайтында қаржы пирамидаларының жаңа тізімін жариялады, деп хабарлады мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметі. Жаңартылған тізімге қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдар ұйымдар кіреді.

Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде тексере алады.

Айта кету керек, Агенттік ағымдағы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.

Еске салайық, қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін «@BAIQApiramidaBOT» ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен.

Добавить комментарий