Украина аумағындағы соғыс басталғалы 15 айдың ішінде Ресейдің ақпараттық саясаты осы мәселе бойынша өздеріне тиімді қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған.
Сарапшылардың айтуынша, Украинада кең ауқымды соғыс басталғалы РФ-ның демократиялық көрсеткіштері әлемнің барлық елдері арасында қатты құлдырағанын көрсетті. Сарапшылар РФ үкіметі бұқаралық ақпарат құралдары мен оппозицияға қарсы бұрын-соңды болмаған репрессия әрекеттерін жүргізе бастағанын айтып отыр.
Мектеп бағдарламасына арнайы пәндер енгізіліп, Украина аумағындағы РФ әскери іс-қимылдарды баяндап беретін іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
«Осылайша, пропаганда мен дезинформация Ресей үшін танктер мен зымырандар секілді қаруға айналды», — деп мәлімдеді батыстық сарапшылар.
Олардың пікірінше, Кремль ақпараттық операцияларды соғыстағы өз стратегиясының басты элементтерінің бірі ретінде жиі қолданады.
«Айта кету керек, РФ Украинға қарсы соғысты бастамай тұрып сыртқы саясат құралы ретінде де жалған ақпаратты белсенді пайдалана бастады. Мәселен, 2016 жылдан бастап «Украина толық қалыптаспаған мемлекетке айналды» деген риторика пайда бола бастады. Шамамен осы уақыт аралығында «Украина соғысқа дайындалып жатыр» деген алғашқы мәлімдемелер жариялана бастады. — деп жазады батыстық сарапшылар.
Жалған ақпарат таратуды қару ретінде айтатын болсақ, онда оны былай сипаттаса болады: қолжетімді, төмен баға, үлкен радиус. Бұл ретте дезинформация жаңа технологиялар мен алдаудың жаңа тәсілдері дамытуының арқасында тез эволюцияланып отыр.
Сарапшылардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда РФ еуропа елдерінде ықпал ету операциясын белсенді жүргізуде. Аталған іс-шаралардың мақсаты Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынасқа дақ түсіру, сондай-ақ Украинаны қолдауды әлсірету болып табылады.
«Кремль көптеген елдерде, әсіресе Киевке жан-жақты қолдау көрсетіп жатқан елдерде жалған ақпарат турату науқанын сәтті жүргізуде. Ресейдің алға мақсаты қарапайым. Біріншіден, Украина мен оның одақтастары арасындағы қарым-қатынасты әлсірету. Екіншіден, Украинаға көрсетіліп жатқан әскери, экономикалық, гуманитарлық көмекті қысқартуға қол жеткізу», — деп отыр батыстық сарапшылар.