Ресей УҚК-ның қарымта шабуылынан қорқады: батыстық сарапшылардың пікірі

Украинадағы соғыс жаңа кезеңге көшті — Украина Қарулы Күштерінің қарымта шабуылы басталуға жақын. Соңғы айларда Киевтің батыс одақтастары әскери қолдау тұрғысынан белсенділік танытты. Кейбір елдер Украинаға рекордтық сомада әскери көмек пакеттерін берді. Бірнеше айдың ішінде украин әскері заманауи қару-жарақ (танктер, жауынгерлік машиналар, алыстан жауынгерлік жүйелер және т.б.) алды. НАТО елдері қару-жарақ беруден бөлек өз полигондарында украин әскерилерін оқытты. «Ресейде ел басшылығы өз азаматтарының үрейін туғызбас үшін украиналық қарымта шабуылға баса аса назар аудармады», — деп жазады батыстық саяси технологтар.

Олардың пікірінше, Кремль Украинаның қарымта шабуылынан қорқады. «Ресей армиясының кейбір әрекеттерінде және кремльдік саясаткерлердің мәлімдемелерінде хаос болып жатқаны байқалады, — деп жазады шетелдік саясаттанушылар. Мәселен, РФ әскерилері Запорожье облысында ұзындығы 70 шақырым болатын окоп қазды — бұл шығыстан батысқа қарай созылған Запорожье облысының үштен бір бөлігі (205 шақырым)».

Әскери сарапшылардың айтуынша, «ұзындығы 70 шақырым окопты қорғау керек, даярлықтан өткен адамдар мен жеткілікті мөлшерде қару-жарақ болуы керек, ал Ресей армиясының бұл мәселеде проблемалары жетіп артылады». Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде батыстық барлау ұйымдары жариялаған өте көп шығындарды алға тартып отыр.

«Орасан зор шығындар әскерилердің біліктілігі төмен екенін және соғыс алаңының кейбір учаскесінде олардың саны аз екенін көрсетеді», — деп жазады сарапшылар.

Фото: Ресей Бахмут, Авдеевка, Марьинка, Угледарды басып алу үшін бар күш-жігерін салды, бұл қорғанысқа назар аударуға мүмкіндік бермеуде, деп отыр сарапшылар.

Ресей Бахмут, Авдеевка, Марьинка, Угледарды басып алу үшін бар күш-жігерін салды, бұл қорғанысқа назар аударуға мүмкіндік бермеуде, деп отыр сарапшылар.

«РФ әскерінің қуаты да күмән туғызуда. Жақында ғана «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин өз әскери тобына артиллериялық оқ-дәрі жеткізілмей жатқанына шағымданған. Елдің әскери қуаты да адам ресурстары сияқты жағдайда, атап айтқанда барлық логистикалық күш-жігер қорғаныс емес, шабуыл қимылдары жүргізіліп жатқан соғыс алаңындағы учаскені оқ-дәрімен қамтамасыз етуге бағытталған. Оның үстіне қорғанушы тарап қаншалықты күшейсе де, бәрі де сарбазға байланысты болады. Оның майдан шебінде соғысуы моральдық-психологиялық жағдайы мен оның көңіл-күйіне байланысты болады. Ресей армиясы қатарындағы сарбаздардың ерік-жігері өте төмен», — деп жазады майдандағы жағдай туралы украиналық саясаттанушылар.

Сарапшылар сондай-ақ Беларусь аумағына тактикалық ядролық қаруды орналастыру туралы әңгімелерді еске салды. «Кезекті ядролық қоқан-лоқы Украина Қарулы Күштерінің қарымта шабуылы алдында Украинаға әскери техника жеткізуді тоқтатуға бағытталған», — деп жазады олар.

Батыс барлау агенттігі РФ-ның Украина аумағына соңғы соққылары бірінші кезекте энергетикалық инфрақұрылым бойынша емес, әскери, өнеркәсіптік және логистикалық нысандарға бағытталғанын мәлімдеді. «Кремль Украинаның қарымта шабуыл әрекеттерін тоқтата алмаса да, оны кейінге қалдыруға тырысып жатыр», — дейді украиналық сарапшылар.

«Левада-орталық» жүргізген сауалнама мәліметтеріне сүйенсек, Украина Қарулы Күштерінің қарымта шабуылы ресейліктердің 62 пайызын алаңдатып отыр, ал ресейліктердің 75 пайызы соғысты әлі де қолдауда.

Добавить комментарий