Макрон мен Зеленскийдің бірлескен мәлімдемесінде Франция соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру проесінде атсалысатынын хабарланды.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Франция президенті Эммануэл Макронның мәлімдемесі Парижде өткен кездесудің қорытындысы бойынша жасалды, деп хабарлады УПК баспасөз қызметі.
«Франция халықаралық ұйымдармен және серіктестермен бірге соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге және салуға атсалысуға міндеттенеді.
Қазірдің өзінде Украина халқына өз елін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін маңызды және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалау керек.
Қаржылай қолдау, инвестициямен қамтамасыз ету мақсатында барлық серіктестерді, соның ішінде жеке және халықаралық компанияларды тарту Украинаның жарқын болашағы үшін маңызды», — делінген хабарламада.