Кемал Қылышдароғлы Ресейді Түркиядағы президент сайлауына араласты деп айыптады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы Кемал Қылышдароғлы Ресей Түркиядағы президент сайлауына араласып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркияда әшкереленген «монтаж, астыртын әрекеттердің, дипфейктер мен жазбалардың» артында ресейліктер тұр.

Twitter-дегі түрік және орыс тілдерінде жарияланған жазбасында Қылышдароғлы Ресейді 15 мамырдан кейін достық қарым-қатынасты жалғастырғысы келсе, Түркия мемлекетіне жоламауға шақырды.

Бұған дейін Түркияда президенттіке кандидат Мұхаррем Индже өзіне қарсы басталған кемсітушілік науқанына наразылық білдіріп, өз кандидатурасын алып тастаған болатын.

Ол мұндай жағдайды саясатқа келгелі бері көрмегенін мәлімдеді.

Добавить комментарий