Жетісу облысында пропан газ таситын көлік аударылды: газдың жарылуына жол берілмеді

Жетісу облысында пропан газ таситын көлік аударылып кетті. Алайда, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар газ жарылысының алдын алды. Көлік автокранның көмегімен көтерілді, бұл ретте барлық көтеру процесі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бақылауында болды. Балпық би ауылы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды.  Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, құтқарушылар азаматтарға газбен және басқа да жарылу-өрт қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде аса сақ болуға шақырады.

Добавить комментарий