Қазақстанда темекі бағасы тағы да қымбаттайды

ҚР Қаржы министрінің жаңа бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің, оның ішінде сүзгісі бар, сүзгісі жоқ сигареттер, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекі бұйымдардың ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтеріледі. Жаңа баға 2023 жылдың соңына дейін 710 теңге және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 770 теңге болады. Бұл темекі өнімдеріне акциз ставкаларының 14 пайызға өсуіне, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдар құнының орта есеппен 20 пайызға өсуіне байланысты.

Осыған қосымша шикізат пен темекі бұйымдарының құрамдас бөліктерінің логистикасына қатысты елеулі проблемалар және 2022 жылы инфляцияның 20,3 пайызға дейін өсуі де бағаның қымбаттауына ықпал етеді. Темекі бұйымдарының жаңа бағасының басты мақсаты елде темекі шегушілер санын қысқарту болып табылады

Добавить комментарий