Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жел күшейеді деп күтіледі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 13… + 15 ° C болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы + 6… + 8 ° C, күндіз + 15… + 17 ° C болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12… + 14 ° C, күндіз + 24… + 26 ° C болады.
Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12… + 14 ° C, күндіз + 18… + 20 ° C болады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз батыста, оңтүстікте нөсер жаңбыр жауады.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 8… + 10 ° C, күндіз + 23… + 25 ° C болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 17… + 19 ° C, күндіз + 27… + 29 ° C болады. Облыстың батысында найзағай ойнайды, шығысында шаңды дауыл болады.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 3… + 5 ° C, күндіз + 18… + 20 ° C болады.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 11… + 13 ° C болады. Түнде облыс бойынша үсік жүреді.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 11… + 13 ° C болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 6… + 18 ° C, күндіз + 16… + 18 ° C болады. Облыстың таулы аудандарында ауық ауық қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай ойнайды, бұршақ жауады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 3… + 5 ° C, күндіз + 19… + 21 ° C болады. Түнде облыс бойынша суық болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы + 13… + 15 ° C, күндіз + 26… + 28 ° C. Облыс орталығы мен шығысында шаңды дауыл тұрады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз + 9… + 11 ° C болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз + 14… + 16 ° C болады.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауады, жел 7-12 жылдамқыпен соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 6… + 8 ° C болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 1… + 3 ° C, күндіз + 13… + 15 ° C болады. Облыстың таулы аудандарында үсік жүреді деп күтілуде.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 7… + 9 ° C, күндіз + 19… + 21 ° C болады. Облыстың таулы аудандарында найзағай ойнайды, солтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 8-13, жел 15-20, екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 14… + 16 ° C, күндіз + 25… + 27 ° C болады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады
Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 15… + 17 ° C, күндіз + 27… + 29 ° C болады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында күн күркірейді.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауады, жел 5-10 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 6… + 8 ° C болады. Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.