Рим папасы Ресей мен Украина арасында бейбітшілікке қол жеткізу үшін көмектесуге дайын

Рим папасы Франциск Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға көмектесуге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды The Guardian.

Ватикан бейбіт миссияға тартылды, алайда миссияның нақты немен айналысатыны хабарланбады. Понтифик бейбітшілікке жабық емес, ашық арналар арқылы қол жеткізілетінін атап өтті. Рим Папасы Будапештке сапары кезінде бұл тақырыпты Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен талқылады және барлық мүдделі тараптар өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін бірге жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, Рим Папасы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға көмек көрсетуге дайын екенін алғаш рет мәлімдеп отырған жоқ.

Добавить комментарий